Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

28.11.2025

✍️ Бүгін мектебімізде ЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне орай 9–11 сынып оқушылары диктант пен эссе жазды.

🔹Шараның мақсаты – оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Оқушылар өз ой-пікірлерін ашық жеткізіп, тақырыптың маңыздылығын терең түсінуге мүмкіндік алды.

#ЖҚТБғаҚарсыКүресКүні#АқпараттықСауаттылық#СалауаттыӨмірСалты#МектепШаралары#ЖастарБолашағы#БілімБерудіңМаңызы


Сергіту сәті 😊 🌟 💛
1 «Ә» сыныбында көңілді сергіту сәті.

🔹Сынып жетекшісі: З.Н.Кажит

 


✍️ Бүгін мектебімізде мектеп директоры А.Қ. Ешмағамбетова және мектеп директорының ОТЖ жөніндегі орынбасары А.Н. Балғалиев 2025–2026 оқу жылында аралық аттестаттауды өткізу туралы 5,6,7,8 және 10-сынып оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізді.

🔹 2025–2026 оқу жылының оқу процесіне сәйкес, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мақсатында аралық аттестаттау ұйымдастырылады.
Аралық аттестаттаудың негізгі мақсаты — оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау, оқу сапасын бақылау және келесі оқу кезеңіне көшуге дайындықтарын бағалау.

🔹 Аттестаттау барысында:
оқу пәндері бойынша білім, білік және дағды деңгейі тексеріледі;
жазбаша, ауызша немесе тестілеу форматтары қолданылады;
бағалау әділдік, ашықтық және объективтілік қағидаттарына негізделеді.

🔹 Аттестаттау кестесі мен форматы алдын ала жарияланып, оқушылар мен ата-аналарға хабарланатын болады.
Білім сапасын арттыру — барлығымыздың ортақ міндеті!


📚 Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы “Балалар кітапханасы” жобасы
27 қараша күні бастауыш сынып оқушылары арасында “Мен және кітап” атты сурет байқауы өтті.
🔹Байқаудың негізгі мақсаты – балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шара соңында үздік деп танылған оқушылар 1, 2, 3 орындармен, сондай-ақ белсенді қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.
🔹Кітапхана меңгерушісі: Г.А. Нұрғалиева


✍️ 28 қараша күні Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің №3 отырысы өтті.

🔹Күн тәртібінде:
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудағы отбасының рөлі» туралы баяндама;
«Нашақорлық, есірткі мәселесі және оның алдын алу» жөніндегі ақпарат;
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жүруін және алкогольдік ішімдік сату фактілерін анықтау мақсатында жүргізілген рейд жұмысының барысын талқылау.


✍️ «Тұрмыстық зорлық–зомбылыққа қарсы 16 белсенді әрекет» атты халықаралық науқан аясында мектебіміздің 4–5 сынып оқушылары «Мейірім – әлемді құтқарады» атты тақырыпта сурет салды.

🔹Шараның мақсаты – оқушылардың бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыта отырып, мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық қасиеттерін қалыптастыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Іс-шараны өткізген: Аға тәлімгер Н.Ә.Қуанышбай

  


@oqu_agartu_ministrligi @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_bilim_bolimi

    


 25.11.2025 ж. күні 1 «Ә» сыныбында Әліппе сабағынан «Үү дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақ барысында жасанды интеллект және түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.
Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, қызығушылықтарын танытты.
Сабақ өз мақсатына толық жетті.


✍️ Бүгін мектебімізде “Қазақты отты өлеңімен оятқан” атты поэзия сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар Міржақып Дулатұлының шығармашылық жолы туралы мәліметтер айтып, оның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ақынның елдік рухты оятқан жалынды жырлары оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды.

🔹Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Қ. Арызғұлова және кітапхана меңгерушісі Г.А. Нұрғалиева ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді.