25.09.2025
- Дата: 25.09.2025
Соңғы жылдары елімізде алаяқтық қылмыстарының саны артып барады. Алаяқтыққа – алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқықтық иемдену қылмыстары жатады. Осы орайда мектебімізде бүгін, 25 қыркүйек күні, ата-аналарға «Алаяқтықтың алдын алу басты мақсат!» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Ақтөбе облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Шагиров Жанибек Асылбекұлы қатысып ата-аналарға интернет алаяқтардың құрығына түспеу үшін жеке құжаттағы және банк картасындағы мәліметтерді, аударымдар туралы квитанцияларды, кодтар мен код сөздерді оңды-солды таратуға жол бермеу керектігін, тіпті ғаламторда жеке суретті де тарата бермеу керектігін, интернеттен күмәнді сілтемелерді басып, телефонға қосымша жүктеуден сақ болу қажеттігін ескертті. Жеке, ЖСН және басқа да деректерді сұрап жатса, алаяқтар болуы мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше жеке деректерді ғаламторға беталды енгізуден сақ болуға шақырды.