Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

✍️ «25 қазан — Республика күніне» орай, 17 қазан күні Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебінде «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді.

🔹 1–4 сынып оқушылары тақырыпқа сай өз қиялдарындағы суреттерді қағаз бетіне түсірді. Бұл шараның мақсаты — балалардың қиялын, көркемдік талғамын дамыту, бояу түстерін тиімді пайдалануға дағдыландыру.
🔹 Сонымен қатар, балаларға Қазақстанның мемлекеттік жалауын таныстыруды жалғастыра отырып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға, туған жері мен елін сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
🔹 «Жас ұлан» ұйымы, аға тәлімгер Н.Ә. Қуанышбай ұйымдастырды. 

#RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл #RepublicDayAktobe2025 #25ҚазанАқтөбе #Декларация35жылАқтөбе