Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

22 қазан күні мектебімізде қамқоршылық кеңестің №1 отырысы өтті.Жиында мектептің даму бағыттары мен ата-аналар қауымдастығымен бірлескен жұмыстар жөнінде пікір алмасылды.

🔹Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, оқушылардың білім сапасын арттыру, мектеп аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету мәселелері талқыланды.
🔹Кеңес мүшелері мектеп ұжымымен бірлесе отырып, алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралардың жоспарын бекітті. Отырыс соңында қатысушылар ортақ мақсатқа жұмылып, мектептің дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.