✍️ 2025 жылғы 14 қараша күні 11 «Ә» сынып білім алушылары арасында «Мен және менің болашағым» тақырыбында эссе жазу жұмысы ұйымдастырылды.
- Дата: 14.11.2025
🔹Іс-шараның мақсаты:
мемлекеттік емтихан мен ҰБТ алдындағы мазасыздық деңгейін төмендету;
білім алушылардың өз болашағына деген жауапкершілік сезімдерін арттыру;
өмірлік мақсаттарын айқындауға бағыттау.
Білім алушылар өз ойларын ашық әрі шығармашылық тұрғыдан жеткізіп, болашақ мамандыққа деген қызығушылықтары мен көзқарастарын білдірді. Эссе жазу жұмысы білім алушылардың өзін тануына, арман мен мақсат арасындағы байланысты түсінуге зор мүмкіндік берді.
🔹Мектеп психологі: А.К.Касымкулова