2025 жылдың 15 қазанында І.Есенберлин атындағы №15 орта мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық шара өтті.
- Дата: 15.10.2025
Шараға Ақтөбе қаласы ІІБ Алматы ауданы №3 ҚПБ-нің полиция аға лейтенанты Б.К. Жумадинов және Ә.Н. Жүсіп қатысып, оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, мектепке әкелуге тыйым салынған заттарды әкелмеу және қолданбау, электронды темекі мен есірткінің зияны, ұрлық, бопсалау, сондай-ақ жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілсіз жүруіне жол бермеу және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, оқушыларға есірткі заттарын тасымалдау және тарату секілді қылмыстық әрекеттерден сақ болу керектігі туралы профилактикалық ақпарат берілді.