2025 жылдың 11 қараша күні мектебімізде ППҚҚ-ның “Оқу үдерісіндегі ерекше қажеттіліктері бар оқушылармен атқарылатын жұмыстар” тақырыбында екінші отырысы өтті.
- Дата: 11.11.2025
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
🔹ЕББҚЕ оқушыларға қолдау көрсету аясындағы жүргізілетін жұмыстар - мектеп дефектологы;
🔹I тоқсан бойынша ЕББҚЕ оқушылар үлгерімінің талдамасы - класс жетекшілер, пән мұғалімдері;
🔹Мектеп психологтарының ЕББҚЕ оқушылармен жүргізген жұмыстары - мектеп психологтары;
🔹Мектеп логопедінің ЕББҚЕ оқушылармен I тоқсан бойынша жүргізген жұмыстары - мектеп логопеді;
🔹Мектеп дефектологының ЕББҚЕ оқушылармен I тоқсан бойынша жүргізген жұмыстары - мектеп дефектологы;
🔹Отырыс соңында:
- ЕББҚЕ оқушыларға көрсетілетін психологиялық—педагогикалық көмекті жалғастырып; 2025-2026 оқу жылындағы жоспар бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп; пән мұғалімдері сабақ беретін ЕББҚЕ оқушыларға жеке уақыт бөліп, деңгейлеріне қарай тапсырма берілсін деген шешім қабылданды.