17.11.2025
- Дата: 17.11.2025
✍️ Шахматтан қала біріншілігі
🔹«BILIM QAZYNA»КММ ұйымдастыруымен директоры А. Сулейменова атынан қатысушымыз 3-орынды жеңіп алып, медальмен марапатталды. 🏅
🔹 Жеңімпаз:
Қалдыбаева Айкөркем – өз шеберлігін көрсетіп, ерекше байқалды.
🔹 Жетекшілері:
Ғ. Құлбарақ, Қ. Узақбаева 👏
Оқушының жетістігі — ұстаздарының еңбегінің нәтижесі.
Айкөркемді және оның жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге алдағы уақытта да толағай табыс, кішкене болса да күн сайынғы алға жылжу, спорттағы жарқын жеңістер мен жаңа белестер тілейміз! 👏🏻👏🏻👏🏻

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 👏🏻👏🏻👏🏻

✍️ ХАБАРЛАНДЫРУ‼️
Құрметті ата-аналар, әріптестер, оқушылар!
Сіздерді «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акцияға атсалысып, кітапхана қорын молайтуға өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.
Акция уақыты: 17–28 қараша аралығы.#кітапханағакітапсыйла#кітапханағакітапсыйлаакциясы#кітапханашы

✍️ Бүгін мектебімізде мектеп директоры А. Қ. Ешмағамбетова және мектеп директорының ОТЖ орынбасары А.Н.Балғалиев PISA халықаралық зерттеуіне қатысатын оқушылар үшін түсіндірме жүргізді.
✅«PISA халықаралық зерттеуіне қатысу – мектептің білім сапасын халықаралық деңгейде бағалауға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сондықтан осы зерттеуге қатысатын әрбір оқушының жауапкершілігі, ынтасы және оқу мәдениеті – мектептің жалпы имиджін қалыптастырудағы негізгі көрсеткіштердің бірі.»
✅PISA тапсырмалары оқушының тек пәндік білімін ғана емес, сонымен бірге функционалдық сауаттылығын, ойлау дағдыларын, ақпаратты талдап, өмірлік жағдаяттарда қолдана алу қабілетін бағалайды. Осы себепті зерттеуге қатысатын оқушылар өздерін жеке тұлға ретінде ғана емес, өз мектебінің өкілі ретінде таныстыратынын түсінуі қажет.
✅Мектеп имиджін қалыптастыру — бұл әр оқушының саналы әрекетінен басталады. Зерттеу нәтижесі халықаралық деңгейде жарияланатындықтан, мектептің беделі, оқу-тәрбие жұмысының сапасы және оқушылардың дайындық деңгейі әлемдік білім беру қауымдастығы алдында көрініс табады. Сондықтан оқушылардың жауапкершілікпен қатысуы — білім беру ұйымының оң имиджін нығайтуға ықпал ететін маңызды фактор.
✅ Әрбір оқушы бұл процеске немқұрайлы қарамай, тапсырмаларды шынайы, бар ынтасымен орындауы — мектеп ұжымының бірлігі мен ортақ мақсатқа ұмтылысын көрсетеді.
✅Жауапкершілік – сапалы нәтиженің негізі. PISA-ға қатысу арқылы оқушылар өз білім деңгейін халықаралық стандартпен салыстырып, өз мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік алады. Бұл олардың білімге деген мотивациясын арттырып, жеке дамуына ықпал етеді.
