15.11.2025
- Дата: 15.11.2025
✍️ Мектебімізде хореография үйірмесі белсенді түрде жұмыс істеп келеді.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында үйірме 1–4 сынып оқушыларына сенбі күндері жүргізіледі.
Жетекшісі: Гулжан Макешовна
🔹 Үйірмеге қатысатын оқушылар түрлі би элементтерін меңгеріп қана қоймай, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамытады.

✍️ 13 қараша күні «Бала тәрбиесі – отбасынан басталады» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты – ата-аналарды бала тәрбиесі, олардың құқықтары, міндеттері және отбасылық құндылықтар туралы ақпараттандыру болды.
🔹 Кездесу барысында педагогтар баланың тұлғалық дамуы мен тәрбиесінде ата-ананың рөлі, мектеп пен отбасының ынтымақтастығы жөнінде пікір айтты. Ата-аналар да өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алып, пайдалы кеңестер тыңдады.
🔹 Сонымен бірге, балаларда әділдік пен жауапкершілік қасиеттерін дамытуға арналған ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырылды. Жиналыс соңында ата-аналар бірлескен тәрбиенің маңызын атап өтіп, мұндай шараларды алдағы уақытта да жалғастыруға қолдау білдірді.
