Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

11.12.2025

📘 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен білім саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылуда, оның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 заманауи мектепте 460 мың оқушы сапалы біліммен қамтылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Адал білім – адал ұрпақ» республикалық форумында атап өтті.


⚜️«Әкеге қарап ұл өсер» демекші, мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту, отбасы ынтымақтастығын арттыру, сондай-ақ әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту мақсатында «Ұлағат» клубындағы әкелер өз балаларымен бірге футбол ойынын ұйымдастырды.

🔹Бұл шара ата-аналар мен балалар арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайтып, бірлескен белсенділік арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік берді.

Іс-шараны ұйымдастырған — класс жетекшісі Г.Қ.Сержанова


⚜️“Баишев мектеп-лицейі” ЖШС ұйымдастырған 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған “Baishev Cup” футбол жарысына 3–4 сынып оқушылары қатысты. Жарыс тартысты әрі қызықты өтіп,оқушыларымыз үздік ойын үлгісін көрсетіп, алғыс хатпен марапатталды.

🔹Жетекшісі: Ғ.Ә. Құлбарақ

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!👏👏👏