Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

08.12.2025

✍️ 5 желтоқсан күні мектебіміздің ұстаздары мен 11-сынып оқушылары арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті. Бұл ойын екі тараптың да командалық рухын көтеріп, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді.


✍️Мектебімізде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәртіп пен мәдениетті нығайту мақсатында ата-аналар кезекшілігі ұйымдастырылып, жүйелі түрде өткізіліп жатыр. Ата-аналар мектеп ауласында және дәліздерінде бақылау жүргізіп, балалардың қауіпсіз ортада оқуына өз үлестерін қосуда.

🔹Оқушылардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік!
Қолдау білдірген барлық ата-аналарға алғыс айтамыз.


 28 қараша №3 директор жанындағы жиналыс өткізілді. Жиналыста төмендегі мәселелер қарастырылды:
1. Қазан айындағы қаралған мәселелер қаулысының орындалуы.
2. Математика пәнінің берілуін бақылау қорытындысы.
3. География пәнінің берілуін бақылау қорытындысы.
4. Бастауыш сыныптардағы дүниетану және жаратылыстану пәндерінің берілуін бақылау қорытындысы
5. Жас мамандарға әдістемелік көмек беру мақсатында, сабақтарына қатысу қорытындысы.
6. Үйден оқытылатын оқушылардың сабақтарын бақылау қорытындысы.
7. Тәуекел тобы, құқық бұзушылықтың алдын-алуы бойынша оқушылармен жұмысты бақылау қорытындысы.

  


✍️ Бүгін мектебімізде мектеп директоры А.Қ. Ешмағамбетова, Қамқоршылық кеңестің төрайымы Г.С. Джамангарина, сондай-ақ қамқоршылық кеңестің мүшесі Г.Досова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Н. Карагулова барлық сыныптарда рейдтік бақылау жұмыстарын жүргізді. Бақылау барысында оқу кабинеттерінің тазалығы, оқушылардың сабаққа қатысуы, мектеп тәртібінің сақталуы сияқты маңызды бағыттар назарға алынып, оқу үдерісінің жүйелі әрі қауіпсіз жүргізілуі қадағаланды.