06.11.2025 жылы І.Есенберлин атындағы КММ №15 ОМ-де 8-9-10-11 кластың ер балаларына «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуы және есірткі заттардың қолдану салдары» туралы профилактикалық шара өтті.
- Дата: 06.11.2025
Профилактикалық шараға Ақтөбе қаласы ІІБ Алматы ауданы №3 ҚПБ полиция капитаны Ж.А.Мустаков және полиция лейтенанты Н.Бақыт қатысып оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуы, мектептің ішкі тәртіп ережелері мен мектепке әкелуге болмайтын тыйым салынған заттарды әкелмеу және қолданбау, электронды темекі, есірткі тарату, ұрлық, бопсалау, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрудің алдын алуы және оқушылардың өмір қауіпсіздік, жол қауіпсіздік, теміржол бойында қауіпсіздік шараларын сақтау, оқушыларға есірткі тасымалдаудың алын алу жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
#ҚұқықбұзушылықтыңАлдынАлу#ЖасөспірімТәртібі#ҚауіпсізҚоғам#ТәртіпТәрбиеНегізі