Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

02.12.2025

✍️ Мектебімізде әр дүйсенбі өтетін дәстүрлі «Әдеп сызығы» – оқушылардың тәртібі мен мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды шара. Бұл жиында мектеп формасы, тазалық, сабаққа қатысу сияқты талаптарға ерекше көңіл бөлінеді.
🔹 Белсенділік танытып, тәртібімен және үлгілі мінезімен ерекшеленген оқушылар аптаның қорытындысында марапатталып, өзгелерге үлгі ретінде таныстырылады.
🔹 «Әдеп сызығы» — оқушылардың жауапкершілігін арттырып, ынтасын көтеруге ықпал ететін жақсы дәстүр.


✍️ 2025 жылдың 1 желтоқсан күні мектебімізде 8–10 сынып білім алушыларының қатысуымен
«Ақпараттық кеңістіктегі діни экстремизмнен қалай қорғанамыз?» тақырыбында "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.

🔹 Шараның мақсаты – оқушыларға қазіргі ақпараттық кеңістіктегі діни экстремизм қаупін түсіндіру, саналы таңдау жасауға бағыт беру, діни сауаттылықты арттыру.

🔸 Шараға арнайы теолог Төретаев Жасұлан қатысып, оқушыларға жат ағымдардың белгілері мен олардан қорғану жолдары туралы мазмұнды мәліметтер берді.
🔹 Оқушылар өз сауалдарын қойып, нақты әрі жан-жақты жауаптар алды.


✍️ «Тұрмыстық зорлық–зомбылыққа қарсы 16 белсенді әрекет» атты халықаралық науқан аясында мектебімізде 9–11 сынып оқушылары арасында «Мейірімді қоғам» тақырыбында эссе жазу шарасы өтті.

🔹Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің бойында ізгілік, мейірімділік, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қоғамдағы өзара сыйластық пен сенімнің маңызын түсіндіру.
Мейірімді қоғам – бұл қайырымдылық пен қамқорлықтың, өзара түсіністік пен сыйластықтың салтанат құратын ортасы. Мұндай қоғамда әрбір адам өзінің құндылығын сезініп, өзгелерден қолдау тауып, бір-біріне сеніммен қарайды.

🔹Мейірімділік – адамзат болмысының ең асыл қасиеттерінің бірі. Оны қоғам деңгейінде дамыту – ұзақ мерзімді, бірақ аса маңызды үдеріс. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушыларға адамгершілік пен жауапкершілікке бағытталған дұрыс бағдар береді.

Эссе жазу барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, қоғамдағы мейірім мен ізгіліктің рөлі туралы толғаныстарын білдірді.


✍️ «Тұрмыстық зорлық – зомбылыққа қарсы 16 белсенді әрекет» атты халықаралық науқан іс-шаралар жоспары аясында «Мен бағалаймын...!» тақырыбында 6 «Б» сыныбы оқушыларының қатысуымен бейнеролик түсірілді.
 🔹Шараның мақсаты – оқушылардың өз құндылықтарын түсінуіне, өзгені құрметтеуге, зорлық-зомбылыққа қарсы сенімді көзқарас қалыптастыруға ықпал ету.
Бейнероликті түсіру жұмысын сынып жетекшісі Г. Есмуратова ұйымдастырды.